Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Елордалық полицейлер екі ұрлыққа қатысы бар азаматты анықтады

Елордалық полицейлер екі ұрлыққа қатысы бар азаматты анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Полицияға дүкен сатушысы белгісіз адам кешкі уақытта сауда үйінің бутигінде жүргенде безендіру үшін керек-жарақтарды ұрлап кеткені туралы арызданған. Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Байқоңыр ауданы ПБ криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері 55 жастағы ер адамды анықтаған. Бұған дейін ол ұрлық жасағаны үшін бірнеше рет қылмыстық жауапкершілікке тартылғаны белгілі болған.

Күдікті сауда залына кіріп, сатушы назар аудармай тұрғанын пайдаланып, дүкен сөресінен жабдықты алып, қалтасына салып үлгерген. Алайда оның әрекеті бейнебақылау камерасына түсіп қалып, тәртіп сақшыларының оның ізіне түсуіне мүмкін болған. Сондай-ақ жедел уәкілдер ұсталған бұл азаматтың ұрлықтың тағы бір фактісіне қатысы бар екенін де анықтаған.

Екі күннен кейін ол сол сауда үйінде әйел сөмкесін қолды қылған. Яғни, сөреден сөмкені жасырын алып кеткен.

Аталған фактілер бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабымен сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Заттай дәлелдемелер тәркіленді. Ер адам Астана қаласы ПД уақытша ұстау изоляторына қамалды, оның елорда аумағында жасалған басқа да осындай қылмысқа қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру