Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы полициясы ұрланған жол талғамайтын көлікті тапты

Алматы полициясы ұрланған жол талғамайтын көлікті тапты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Автокөлікті немесе өзге де көлік құралын заңсыз иемдену – дәл осы бап бойынша Алматы қаласы Жетісу ауданының полициясы қылмыстық істі тергеп жатыр.

– Омская көшесінде HAVAL көлігі ұрланды. Жәбірленушінің айтуынша, ол көлікті көшеде қалдырған. Белгісіз біреу көліктің есігін ашып, оқиға орнынан бой тасалаған. Осы қылмысты жасады деген күдікпен Алматы облысының тұрғыны, 1999 жылы туған Щ.есімді азамат ұсталды. Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 200-бабына сәйкес қылмыстық іс тіркелді. Ұсталған азаматтың осыған ұқсас басқа да эпизодтарды жасауға қатысы бар-жоғы анықталып жатыр, – деді Жетісу аудандық полиция басқармасының бастығы Жәнібек Шынасылов.

ҚР ҚК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етілмейді. ҚР Конституциясының 77-бабы 3-бөлімі 1-тармағы, ҚР ҚК-нің 19-бабы 1-тармағына сай кез келген азамат сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін кінәсіз деп саналады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру