Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қостанай облысы ПД-да ІІО ардагерлеріне құрмет көрсетілді

Қостанай облысы ПД-да ІІО ардагерлеріне құрмет көрсетілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

19 желтоқсанда облыстық полиция департаментінде ішкі істер органдары ардагерлерінің кездесуі өтті. 

Құттықтау сөзінде ардагерлер кеңесінің төрағасы Амангелді Өмірбаев бұрынғы әріптестерін мерекелерімен құттықтап, кеңес мүшелерінің полиция қызметінде жүрген жас мамандарды патриоттық тәрбиелеуге жәрдемдесудегі жұмысын атап өтті.

“ҚР ІІМ құрметті ардагері” төсбелгісімен қазақстандық ІІО және Ұлттық ұлан ардагерлері ұйымынан 4 ардагер марапатталып, 8 ардагер құрмет грамоталарын алды.

10 ардагер мақтау қағаздарымен және Қостанай облысы ПД бастығының алғыс хаттарымен марапатталды.

Ішкі істер органдарының ардагерлері кәсіби ортада жоғары беделі бар. Олардың бай қызметтік тәжірибесі жеке құрамды оқыту кезінде ғана емес, сонымен қатар құқықтық тәртіпті нығайту кезінде де сұранысқа ие.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру