Елордалық полицейлер көлікті айдап әкету дерегі жиілегенін атап өтті
Нұр-Сұлтанда көлікті айдап әкету жиілеп, автокөліктен жасалған ұрлық фактілері азайды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері бұрын ұрлық жасағаны үшін сотты болған 46 жастағы ер адамды ұстады. Анықталғандай, күдікті КамАЗ көлігінің салонынан ақша ұрлаған. Ол түскі уақытта өзінің әріптесі болған жүргізушімен бірге кетіп бара жатқан. Жәбірленуші көліктен түскен кезде күдікті оның күртешесінен 80 мың теңгесін ұрлап алған. Ұсталған азамат өз кінәсін мойындады, оның елорда аумағында бұрын жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығына тексеру жүргізіліп жатыр. Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабы «Ұрлық» бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.
Талдау көрсеткендей, жыл басынан бері елордада 15 айдап әкету фактілері тіркелген, өткен жылдың осы кезеңінде бөтеннің көлігін айдап әкетудің 3 дерегі тіркелген. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында барлық көлік құралдары табылып, иелеріне қайтарылды. Сонымен қатар, автокөліктен жасалған ұрлықтардың саны айтарлықтай азайды. Мәселен өткен жылдың қаңтар айында автокөліктерден жасалған 21 ұрлық тіркелсе, осы жылдың кезеңінде барлығы 9 ұрлық тіркелген.