Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмолада адам өлтіруге оқталған күдікті ұсталды

Ақмолада адам өлтіруге оқталған күдікті ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

29 қаңтар күні Сандықтау ауданының ПБ кезекші бөліміне аудандық ауруханасы фельдшерінен Нұр-Сұлтан қаласының 55 жастағы тұрғынның оқпен жараланғаны туралы хабарлама келіп түсті.

Ақпарды алған полицейлер  оқиғаның барлық мән-жайлары мен ықтимал куәгерлерін, күдіктіні анықтауға кірісті. Жедел-іздестіру шаралары барысында күдікті ұсталды. Ол бұрын сотталмаған 58 жастағы жеке кәсіпкер, аудан ауылдарының бірінің тұрғыны болып шықты, одан 1895 жылғы үлгідегі Наган жүйесінің револьвері және оның патрондары тәркіленді. Жанжал алкогольдік ішімдіктерді ішу кезінде туындаған.

Аталған факті бойынша Сандықтау ауданының ПБ тергеу бөлімімен ҚК 24-бабы 3-бөлігі-99-бабы 1-бөлігі “Адам өлтіруге оқталу“, ҚК 287-бабы 3-бөлігі “Қаруды заңсыз иемдену, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру” бойынша сотқа дейінгі тергеуді басталды. Қазіргі уақытта күдікті қамауға алынды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру