Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

57 жастағы Ақтау тұрғынынан “синтетика”, шприцтер және марихуана тәркіленді

Маңғыстау облысында есірткі сатушы ұсталды. Ақтаудың 57 жастағы тұрғыны “жылдамдық” деп аталатын синтетикалық есірткі заттарын өткізу кезінде құрықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Бірнеше рет сотталған Ақтау тұрғынын тінту кезінде “экстракциялық апиын” есірткі затымен шприц, “Трамадол” дәрілік затының пластинкасы және инъекцияға арналған басқа да шприцтер табылды.

Полицейлер күдіктінің тұрғылықты жері бойынша тінту жүргізді. Ұсталған ер адамның бауыры полицейлерге қарсылық көрсетті. Белгіленген процедура бойынша тінту жүргізу үшін көп күш жұмсауға тура келді. Нәтижесінде пәтерден салмағы бес грамнан асатын марихуана салынған целлофан түйіні және инъекцияға арналған 12 шприц табылды.

Ал көкнәр салынған пакет күдіктінің бауырының бөлмесінен, балконнан табылды. Сондай-ақ, одан пышақ, электрошокер және металл қолкісен тәркіленді.

– “Құқықтық тәртіп” ЖПІС-сы барысында Ақтау қаласында 57 жастағы есірткі сатушы ұсталды. Қазіргі уақытта ұсталған ер адамға қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қажетті жедел-іздестіру іс-шараларының барлық кешені жүргізілуде, – деді Маңғыстау облысы ПД ЕҚҚІҚБ аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкілі Камиль Будайчиев.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру