Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

“Электр пешін әперемін”: шымкенттік полицейлер танысын алдап кеткен түркістандықты ұстады

Шымкенттік полицейлер тағам пісіруге арналған электр пешін әперемін деп танысын алдап кеткен түркістандықты ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Абай ауданы Полиция басқармасына жергілікті тұрғын арызданған. Оның айтуынша, танысы көтерме бағада тағам пісіруге арналған электр пешін әкеліп беремін деп алдаған. Содан тұрғынның әбден сеніміне кіріп, 1,1 млн теңгесін иемденген. Алайда арада уақыт өте танысы не пешін әкеліп бермеген, не ақшасын қайтармаған.

Аталған ұрлық жайтын ашып, тұрғынның ақшасын иемденген азаматты ұстау мақсатында Абай АПБ-ның тәжірбиелі полицейлерінен жедел-тергеу тобы құрылды. Арыз иесінен және көрген-білгендерден жауап алынды. Бейнебақылау жүйелері жіті қаралды. Тәртіп сақшыларының жан-жақты жүргізген жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде, тұрғынды алдап соққан азамат небәрі бір тәулік ішінде қала аумағынан ұсталып, басқармаға жеткізілді. Ол 20 жастағы Түркістан облысының тұрғыны болып шықты. Тергеу барысында белгілі болғандай, ұсталған азамат иемденген қаражатты өзінің бас пайдасы үшін пайдаланған.

Қазіргі таңда оған қатысты ҚР ҚК 190-бабымен (Алаяқтық) сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Сондай-ақ, басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталуда.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру