Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы облысының полицейлері жаппай тәртіпсіздік кезінде ұрлыққа түскен күдіктілерді анықтауда

Алматы облысының полицейлері жаппай тәртіпсіздік кезінде ұрлыққа түскен күдіктілерді анықтауда, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ағымдағы жылдың басында орын алған жаппай тәртіпсіздіктер кезінде кейбір азаматтар қараусыз қалған дүкендер мен сауда орталықтарына шабуыл жасап, ұрлыққа түскен. Осы азаматтарды анықтау жұмыстары әлі де жалғасын табуда.

“31 қаңтар күні Алматы облысы Ұйғыр АПБ-ның КПБ қызметкерлерімен жедел іс-шара өткізілді. Жедел іс-шараны жүргізу барысында Ұйғыр ауданы Тасқарасу ауылы және Еңбекшіқазақ ауданы Масақ ауылының 30-35 жас шамасындағы тұрғындары ұсталды. Бұл азаматтардың 2022 жылы 7 қаңтар күні Алматы қаласында орын алған жаппай тәртіпсіздік кезінде Сүйінбай даңғылының бойында орналасқан “SULPAK” сауда үйінен әртүрлі тұрмыстық техника заттарын жасырын түрде ұрлағаны анықталды. Қазіргі уақытта ұрланған заттар айғақ зат ретінде тәркіленіп алынды”, – деді Ұйғыр АПБ бастығының орынбасары Айдын Тастанбеков.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабы 3-бөлігімен қылмыстық іс қозғалды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру