Елордалық полицейлер күнделікті қызметінде «ODARA» жүйесін пайдаланады
1 наурыздан бастап Сарыарқа ауданы аумағында тұрмыстық зорлық-зомбылық жағдайлары бойынша қауіпті бағалау бойынша немістің «ODARA» әдістемесі бойынша «Әріптестік – тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу құралы ретінде» пилоттық жобасы іске қосылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Басты мақсат – ерлі-зайыптылар арасындағы дұрыс қарым-қатынасты қалыптастыру, отбасылық құндылықтарды дамыту, психологиялық, әлеуметтік, тұрмыстық шығу тегі бойынша қиын өмірлік жағдайға тап болған отбасыларға көмектесу, агрессорлардың эмоционалдық жағдайын басқару және өзін-өзі бақылау.
Пилоттық жоба аясында әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау бөлінісінің инспекторы «Отбасы табысы орталығы» қоғамдық қоры, «Рухани қоғам әлемі» қоғамдық қоры, «Қорғау-Астана» жеке қоры және «Үміт» дағдарыс орталығы өкілдерімен бірге, агрессорлармен психокоррекциялық жұмыстар жүргізіп жатыр.
Осылайша, ӘЗЗҚБ-ның инспекторлары «Отбасы табысы орталығы» қоғамдық қорының өкілдерімен бірлесе отырып, агрессорлармен психокоррекциялық жұмыстарды жүргізу кезінде алкогольді пайдаланатын, есірткіден емдеу орталығында емделген 37 жастағы ер адам анықталды.
Оның туған күнін атап өткеннен кейін үйге мас күйде келіп, қызғаныштың салдарынан кәмелетке толмаған екі баласының көзінше әйелімен жанжалдасқан.
Тәртіп сақшылары құқық бұзушыға ҚР ӘҚБтК-нің 73-бабының 1-бөлігі (Отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттер) бойынша әкімшілік хаттама толтырды.
Сот отырысында ерлі-зайыптылар татуласты. Оған қатысты қорғау ұйғарымы шығарылып, әйеліне қатысты заңсыз әрекеттерге жол бермеу мақсатында профилактикалық әңгіме жүргізілді.
– Бұл отбасы бақылауға алынды, онда ювеналды полиция инспекторларымен және үкіметтік емес ұйымдардың психологтарымен бірлесіп, отбасын сақтап қалу мақсатында тиісті жұмыстар жүргізілетін болады, – деді Астана қаласы ПД ЖПҚБ бастығы Арман Айтмағамбетов.