Елордалық полицейлер “ODARA» неміс әдістемесі бойынша 1 айды қорытындылады
Елордалық полицейлер “ODARA» неміс әдістемесі бойынша 1 айды қорытындылады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Ағымдағы жылдың 1 наурызынан бастап “102” арнасына отбасылық жанжал фактісі бойынша 374 хабарлама келіп түскен. Оның ішінде 113 хабарлама өз растауын таппаған. 57 хабарлама бойынша азаматтар «ODARA» жүйесі бойынша сауалнама жүргізуден үзілді-кесілді бас тартқан,. Сонымен қатар 204 фактінің ішінен 20 агрессор анықталды.
Пилоттық жоба аясында полиция қызметкерлері «Отбасы табысы Орталығы» ҚҚ, «Рухани қоғам әлемі» ҚҚ, «Қорғау-Астана» ЖҚ және «Үміт» дағдарыс орталығының өкілдерімен бірлесіп агрессорлармен психокоррекциялық жұмыстар жүргізіп жатыр.
Бұдан басқа, тәртіп сақшылары үкіметтік емес ұйымдардың психологтарымен бірлесіп, ерлі-зайыптылармен психологиялық және құқықтық көмек көрсету бойынша жұмыс жүргізеді. Сондай-ақ қолданыстағы заңнаманы, қорғау ұйғарымын шығару шарттарын және құқыққа қайшы әрекеттер жасағаны үшін құқықтық жауапкершілікті түсіндіреді.
Мысалы, 32 жастағы астаналық үйінде мас күйінде әйеліне жанжал шығарған. Полицейлер құқық бұзушыға қатысты 30 тәулік мерзімге қорғау ұйғарымын шығарды. Бұған сәйкес, ол тұрмыстық зорлық-зомбылық жасауға, жәбірленушінің еркіне қайшы оны іздеуге, қудалауға, баруға, ауызша, телефон арқылы келіссөздер жүргізуге және онымен өзге тәсілдермен, оның ішінде кәмелетке толмағандарды және (немесе) оның отбасының әрекетке қабілетсіз мүшелерін қоса алғанда, байланысуға тыйым салынады. Алайда, ер адам бір ай бойы үйде болған кезде өзін өте агрессивті ұстаған, жұбайына жанжал шығарып, осылайша қорғау ұйғарымын бұзған. Тәртіп сақшылары астаналықты сот талқылауына дейін уақытша ұстау бөлмесіне орналастыра отырып, құқық бұзушыға қатысты әкімшілік іс қозғады.
Сот отырысының нәтижелері бойынша ер адамға қатысты ескерту түрінде әкімшілік жаза қолданылды.
Естеріңізге сала кетейік, 2023 жылдың 1 наурызынан бастап Астана қаласы ПД Сарыарқа ауданы ПБ аумағында «ODARA» неміс әдістемесіне сәйкес тұрмыстық зорлық – зомбылық жағдайларында қауіпті бағалау бойынша «Серіктестік – тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу құралы ретінде» пилоттық жобасы жүргізіліп жатыр.
Астана қаласының полиция департаменті хабарлайды, егер сіз зорлық-зомбылықтың құрбаны болсаңыз, дереу полицияға 102 телефоны немесе әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау бөлімшесінің сенім телефоны 8-(7172)-71-60-63 арқылы хабарласуыңыз қажет, онда полиция қызметкерлері сізге консультативтік-құқықтық көмек көрсетеді.