Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Елордалық полицейлер қалта ұрысын ұстады

Нұр-Сұлтан полицейлері қалта ұрысын ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Полицияға елорда тұрғыны қалта ұрысының құрбаны болғаны жөнінде арызданған. Жәбірленушінің айтуынша, ұрлық қоғамдық көлікте, яғни автобусқа мініп жатқан кезде болған. Қалта ұрысы адамдардың көптігін пайдаланып, еркін қол жеткізу арқылы әйелдің сырт киімінің қалтасынан ұялы телефонын ұрлап алып, ал өзі қоғамдық көлікке отырмай, асығыс кетіп қалған.

Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу, сондай-ақ қоғамдық көліктер мен аялдамалардың бағыттарын пысықтау барысында елордалық полиция қызметкерлері күдіктіні ұстады. Ол бұрын сотталған 49 жастағы қала тұрғыны болып шықты. Полиция қызметкерлері оның елорда аумағында ашылмаған қылмыстарға қатыстылығына тексеру жүргізіп жатыр.

ВИДЕО МҰНДА

Барлық фактілер бойынша ҚР ҚК 188-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Ұсталған азамат уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру