Елордалық полиция ұрлыққа қатысы бар көлік жуу қызметкерін әшкереледі
Елордалық полиция ұрлыққа қатысы бар көлік жуу қызметкерін әшкереледі, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Тұран даңғылындағы сауда-ойын-сауық орталықтарының бірінде орналасқан автокөлік жуу орнының иесі полицияға арызбен жүгініп, «клиент» оның алтын зергерлік бұйымдарын ұрлап алғанына шағымданғанын айтты.
Тергеу барысында көлік жуу қызметкерінің ұрлыққа қатысы бар екені анықталды. Жұмыс сәтін пайдаланып, ол Lexus RX350 автокөлігінің салонынан құны 400 мың теңге болатын 585 сынамалы алтын сырғаларды тауып алған. Кейін ұрлаған затын ломбардқа өткізген.
Қазіргі уақытта аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Қала аумағында бұрын жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.
Астана қаласының полиция департаменті шағын және орта бизнес иелеріне қырағы болуды және объектілерде ұрлықтан қорғаудың қосымша шараларын енгізуді ұсынады.
Сондай-ақ полиция қылмыстық жолмен көрінеу өндірілген мүлікті сатып алу немесе өткізу ҚР ҚК-нің 196-бабында көзделген қылмыстық жауаптылыққа әкеп соғатынын еске салады.
ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабы негізінде тергеу мүддесінде сотқа дейінгі тергеп-тексерудің өзге де деректері жария етілуге жатпайды.