Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Елордалық полицияда ерекше көзге түскен қызметкерлер марапатталды

Елордалық полицияда ерекше көзге түскен қызметкерлер марапатталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Елордалық полиция бастығы Марат Төлебаев қызметтік міндеттерін адал атқарған, жұмыста жоғары нәтижелерге қол жеткізген, сондай-ақ қылмыстарға жедел ден қойған патрульдік полиция полкінің қызметкерлерін марапаттады.

Сонымен қатар жеке құрамның қызмет атқаруға дайындығын тексердi, полицейлерге азаматтармен сыпайы және мұқият қарым-қатынас жасауды ескеттi. 

Тәулік бойы бір мыңнан астам полиция қызметкері елорданың көшелері мен қоғамдық орындарында қоғамдық тәртіпті сақтауды және қауіпсіздікті қамтамасыз етеді.


Мемлекет басшысы елордада тұрақтылық пен қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге ерекше назар аударады. Ел Президенті елорда тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша және елорда көшелерінде вандализм мен құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша тиімді шаралар қабылдау қажеттігін атап өтіп.

Патрульдік полиция қызметкерлері қалалық мүліктің бүлінуі бойынша шақыруларға жедел ден қояды, алғашқылардың бірі болып оқиға орнына келіп, жүргізушілермен түсіндіру жұмыстарын жүргізеді, кейде күдіктілерді ұстайды, кейде өмірлеріне қауіп төнеді. Тәуліктің кез келген уақытында ауа райына қарамастан, олар азаматтардың тыныштығы мен қауіпсіздігін күзетеді.

Ауысым кезінде әрбір патрульдік экипаж 20-дан астам қоңырау бойынша қызмет етеді. Кез келген қоңырау бойынша полк қызметкерлері тез және нақты қызмет атқарады. Цифрлық форматқа көшу мақсатында полицейлер планшетпен жабдықталған.

Күнделікті полиция қызметінде заманауи технологияларды кеңінен қолдану – Мемлекет басшысының ішкі істер органдарының алдына қойған басты міндеттердің бірі саналады. Бұл құқық бұзушылықтардың алдын алуға және қылмыстарды жедел ашуға мүмкіндік береді. Азаматтардың жан тыныштығы тәртіп сақшыларының кәсібилігі мен нақты іс-әрекеттерімен байланысты.

Бүгін “Қазақстан полициясына 30 жыл” медалімен патрульдік полиция полкінің рота командирі Жасұлан Бейсенбеков, полиция қызметкерлері Айбек Байбатыров, Жасұлан Ахметов, Олжас Бөртай марапатталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру