Елордалық рестобарлардың бірінде даяшы қонақтардың 440 мың теңге көлемінде қаражатын жымқырған
Елордалық рестобарлардың бірінде даяшы қонақтардың 440 мың теңге көлемінде қаражатын жымқырған, – деп хабарлайды Polisia.kz.
32 жастағы рестобар даяшысы алаяқтық жолмен 440 мың теңге көлеміндегі қаражатты иемденіп алған. Ол келушілерге қызмет көрсету кезінде өзінің жеке мобильді банкинг арқылы төлем алғаны анықталды.
Полицияға хабар берген әкімшілік қызметкері алаяқты байқамайынша, даяшы бір ай бойы клиенттердің ақшасын жымқырып келген.
Қазіргі уақытта рестобар қызметкеріне қатысты ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Оның елордада осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы анықталып жатыр.