Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Елордалық тұрғын өзгенің телефонынан қоңырау шалуды өтініп, қашып кеткен

Елордалық тұрғын өзгенің телефонынан қоңырау шалуды өтініп, қашып кеткен, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Полицияға елорда тұрғыны жүгініп, белгісіз адамның алаяқтық әрекеттерінің құрбаны болғанын хабарлаған.

Таңертең жәбірленушіге ер адам келіп, оған ұялы телефонын бере тұруын өтінген. Бейтаныс адам шұғыл қоңырау шалу керек деп түсіндірген. Ұялы телефонды алғаннан кейін ол біреумен сөйлесіп жатқандай кейіп танытып, алшақтап, содан кейін қашып кеткен.

Жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу барысында Сарыарқа ауданы ПБ криминалдық полиция қызметкерлері 37 жастағы ер адамды анықтады. Ол мойындау көрсетпелерін берді. Заттай дәлелдеме тәркіленді. Оның елорда аумағында жасалған басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілуде.

Астана қаласының полиция департаменті азаматтарға қырағы болуды, бейтаныс адамдарға сенбеуді ескертеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру