Елордалық тұрғынның телефонын күшпен тартып алған қызылордалық ұсталды
Елордалық тұрғынның телефонын күшпен тартып алған қызылордалық ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
«102» пультіне тонаудың құрбаны болған 35 жастағы ер адамнан хабарлама келіп түсті. Кешкі уақытта жәбірленуші тұрғын үйдің ауласына шығып, бейтаныс біреуді кездестірген. Бейтаныс жігіт ер адамға жақындап, оның қолындағы ОРРО маркалы телефонын байқап, жұлып алып, қашып кеткен.
Байқоңыр ауданының полицейлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында бұрын істі болған 24 жастағы Қызылорда қаласының тұрғынын анықтады.
Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 190-бабы (Тонау) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Ұсталған жігіт уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оның елорда аумағында бұрын жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғын тексеру жүргізіліп жатыр.
Астана қаласының полиция департаменті азаматтарға қырағы болуды, құқыққа қайшы әрекеттер болған жағдайда полицияға «102» арнасына дереу хабарлау қажеттігін ескертеді.