Елордалық ұландықтар азаматтарға көмектесуде
Бір кеште Ұлттық ұланға қарасты 5573 әскери бөлімінің әскери қызметшілері жоғалған баланы анасына қайтарды, сондай-ақ түсіп қалған ұялы телефонды тауып, иесіне табыстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
12 тамызда сағат 19:30 шамасында «Байқоңыр» ауданында қоғамдық тәртіпті күзету бойынша қызмет атқару кезінде қатардағы жауынгер Әділхан Құрмашев пен патрульшілер Елнұр Саттыбаев және Сергей Васильев бастаған әскери жасақ жолда жылап тұрған баланы байқады.
Ұландықтар бұл туралы жақын маңдағы әскери жасақтарға хабарлады. Біраз уақыттан кейін тәртіп сақшылары ұлын іздеп жүрген азаматшаны көрді.
Әскери жасақ азаматшаның осы баланың анасы екеніне көз жеткізіп, оны әйелге табыстады.
Сондай-ақ осы уақытта Триатлон паркте патрульдеу бағыты бойынша жүрген жауынгерлер iPhone 11 маркалы ұялы телефонды тапты.
Телефонға иесінен қоңырау келіп түсті, әскери жасақ бастығы қатардағы Диас Қадырбеков өзінің тұрған жерін хабарлады.
Иесі келгеннен кейін телефон оған қайтарылды. Тұрғын жауынгерлерге және 5573 әскери бөлімінің жеке құрамына зор алғысын білдірді.