Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Елордалық зейнеткердің зират басында телефоны қолды болды

Елордалық зейнеткердің зират басында телефоны қолды болды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

70 жастағы әже ұрлық фактісі бойынша полицияға арызданған. Оның айтуынша, түскі уақытта туыстарының қабірін тазалап жатқанда ұялы телефонын жоғалтып алған. Егде жастағы әйел қоқыс шығаруға кеткен, бірақ қабірге оралғанда гаджеттің жоқ болғанын байқаған. Қарт ана сөйтіп, дуалға іліп қойған күртешесінің қалтасында қалдырған телефонын  күндізгі уақытта таппай қалған.

Сарыарқа аудандық ПБ криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері жедел-іздестіру шаралары барысында бұрын сотты болған 34 жастағы ер адамды ұрлық қылмысына күдікті деп құрықтады.

Күдіктінің зират ішімен өтіп бара жатып, оңтайлы сәтті пайдаланып, ұрлыққа барғаны белгілі болған.

Аталған оқиға бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Ер адам сатып үлгерген телефонды полицейлер арызданушыға аман-есен қайтарып берді. Қазір уақытта күдіктінің елордада жасалған осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталып жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру