Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Елорданың шекара маңы әуеден бақыланды

28 наурызда Ішкі істер министрінің орынбасары Ю. В. Ильин, ТЖ комитеті, ЭГТПМ Су ресурстары комитеті, “Казгидромет” РМК өкілдері елорданың шекара маңындағы аумақтарын әуеден бақылады, – деп хабарлайды Polisia.kz.


Ұшу су тасқыны жағдайына мониторинг жасау мақсатында жүргізілді.


Ұшу барысында астаналық суреттегішке, Вячеслав су қоймасына, Қажымұқан, Талапкер, Қараөткел, Ильинка, Тайтөбе, Қосшы, Қоянды, Преображенск, Қошқарбаев, Қабанбай батыр елді мекендерінің аумақтарына аэровизуалды тексеру жүргізілді.


Көзбен шолып қарау кезінде аумақтың көп бөлігінде қар еру процесі тұрақты, су төгілуінсіз жүріп жатқаны анықталды. Сонымен қатар, аталмыш ұшу Астана су қоймасындағы су ағынын алдын ала есептеу жасауға мүмкіндік берді.

“Ең алдымен, біз Астана су қоймасы толуының жай-күйін байқадық. Қазір бұл су қоймасы 53%-ға толды, тағы да 200 млн. жуық текше метр қор бар. Бүгін байқағанымыздай, ылғал қоры мен қар жабынын есепке ала келе, су қоймасында 100% су қоры жиналады. Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындары сусыз қалмайды ” – деді Юрий Ильин.




Бүгінгі күні су тасқыны жағдайы тұрақты. “Қазгидромет” РМК болжамы бойынша келесі аптада күндіз және түнде ауа температурасы жоғарылайды, сондықтан да қар қарқынды ериді деп күтіледі. Жер серігі арқылы қашықтықтан зондтау арқылы да тәулік бойы мониторинг жүргізіледі.

“Күштер мен құралдардың қосымша тобын біз келесі аптаның соңына қарай оңтүстік өңірлерден орталық өңірлерге, атап айтқанда, күштер мен құралдарды күшейту үшін Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарына көшіруге дайынбыз. Қысқы кезеңнің нәтижесінде болған жоғары нормалар қазір норманың шегіне енді”, – деді Юрий Ильин.



Жалпы, температураның жоғарылауына байланысты Ақтөбе, Ақмола, Павлодар және Қостанай облыстарының өзендерінде мұзқатқы әлсіреу үрдісі басталды.


Өзендердегі кептелістерді болдырмау мақсатында мұзды қопсыту жұмыстары жүргізілуде. Ақмола, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарының өзендерінде барлығы 129 мұз жару жүзеге асырылды. 11 мың шақырым арықтар мен арналарды тазалау жұмыстары жүргізілді. 15 млн. астам текше метр қар шығарылды. Автомобиль жолдарында 25 мың және теміржолдарда – бес мың су өткізу құрылыстары тазартылды. Ақмола, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан облыстарының су қоймаларында қажетті бос көлемдер жасау жалғасып жатыр. ​Су тасқыны жағдайы ықтимал шиеленіскен жағдайда жедел ден қою мақсатында ішкі істер органдарының күштері мен құралдарының жалпы саны тоғыз мыңнан астам адам және 1,5 мың бірлік техника арнайы топтары құрылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру