Емдеу мекемесінің күзетшісі COVID-19 инфекциясынан қайтыс болған науқастың телефонын ұрлап кетті
Емдеу мекемесінің күзетшісі COVID-19 инфекциясынан қайтыс болған науқастың телефонын ұрлап кетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
11 тамызда 67 жастағы қала тұрғыны Қарағанды облысы Теміртау қаласының ПБ Ескіқалалық полиция бөліміне жүгінді. Ол медициналық мекемелердің бірінде белгісіз біреу коронавирустық инфекциядан қайтыс болған 65 жастағы әйелінің 70 мың теңге тұратын ұялы телефонын ұрлап кеткенін айтты.
– Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері күдікті 33 жастағы ер адамды анықтап, ұстады. Айғақты зат – ұялы телефон тәркіленді. Анықталғандай, күдікті медициналық мекемеде күзетші болып жұмыс істеп, ұсталғанға дейін бірнеше күн бұрын жұмыстан кеткен, – дейді Қарағанды облысы бойынша ПД-нің басшысы Ерлан Файзуллин.
Полиция күдіктінің осы медициналық мекемеде болған осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғын анықтауда.