Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмола полицейлері самокат ұрлығын “ізін суытпай” ашты

Ақмола полицейлері самокат ұрлығын “ізін суытпай” ашты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

21 қыркүйекте Көкшетау қаласы Полиция басқармасының кезекші бөліміне 36 жастағы қала тұрғынының 21 қыркүйекте белгісіз тұлға “Лайм” дүкенінің жанында самокат ұрлағаны туралы өтініші келіп түсті. Шығын сомасы 18 500 теңгені құрады.

Оқиға орнына келген тәртіп сақшылары өтініш берушімен сөйлесіп, бейнебақылау камераларының жазбаларын зерттеді. Жедел-іздестіру іс-шаралары және аулаларды аралау барысында күдіктінің жеке басы анықталды. Облыс орталығының 32 жастағы тұрғыны өз ісін мойындады. Ұрланған самокат иесіне қайтарылды. Аталған факті бойынша ҚР ҚК 188-бабы 1-бөлігі (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. “Келу міндеттемесі” процессуалдық мәжбүрлеу шарасы таңдалды. Тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру