Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жезқазғанда тұрғынды тонап кеткен ер адам ұсталды

Жезқазғанда тұрғынды тонап кеткен ер адам ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

16 қыркүйек сағат 22.00 шамасында Қарағанды ​​облысы Жезқазған қаласының ПБ-на Ғарышкерлер көшесіндегі жеке үйде тонау болғаны туралы хабарлама түсті. Бірнеше минуттан кейін оқиға орнына Жезқазған қаласының ПБ патрульдік полиция ротасының қызметкерлері жетіп, жәбірленушіден жауап алды.

Жәбірленуші – 27 жастағы ер адам өзінің досына барғанын айтты. Үйде ол танымайтын тағы бір азамат та болған. Әңгіме барысында бейтаныс адам күтпеген жерден жәбірленушіні бірнеше рет ұрып, ұялы телефонын алып, жоғалып кеткен.

Патрульдік полиция қызметкерлері күдіктіні – 27 жастағы қала тұрғынын ұстады. Ол кінәсін мойындап, айғақты заттар алынды.
Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 191-бабы (Тонау) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта тергеу жүріп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру