Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Еңбек ардагерлері елеусіз қалмады

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша ҚАЖД ЕС-164/3 мекемесінің қызметкерлері еңбек ардагерлеріне көмек көрсетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қазақстан халқының қауіпсіздігін қамтамасыз ету және Петропавл қаласында коронавирус инфекциясының таралуын ескерту мақсатында  65 жастан үлкен адамдарға шектеу шаралары енгізілді: өзін оқшаулау, серуеннен, дүкенге барудан бас тарту және т.б.  

Негізгі қызметтерін орындаумен қатар СҚО бойынша ҚАЖД ЕС-164/3 мекемесінде қызметкерлер ерекше қауіп аймағында бола тұра коронавирус инфекциясының таралуына қарсы әрекеттерге бағытталған каратиндік іс-шаралар жүргізеді. Қызметкерлер мекеменің жалғыз тұратын зейнеткерлері, еңбек ардагері – Леонид Яковлев пен Раиса Лишнянскаяны назарсыз қалдырған жоқ.


Әр адамның азаматтық және адамгершілік міндеті – қарияларға қолдау көрсету, оларды қамқорлық пен назарға бөлеу, оларға жылы шыраймен қарау. Әрқайсысымызға үлкен ұрпақтан Отанға деген сүйіспеншілікке, бірлікке, қайраттылыққа үйрену қажет. Біз бүгін зейнеткерлерге бардық, оларға азық-түлік, бір реттік бетперделер, қолғаптар әкеліп бердік. Біздің шағын көмегіміз жалғыз басты зейнеткерлерді осы инфекциядан қорғайды деп үміттенеміз”, – дейді СҚО бойынша ҚАЖД ЕС-164/3 мекемесі басшысының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Рүстем Рахметов.

Еңбек ардагерлері өз кезегінде көрсетілген көмек үшін қылмыстық-атқару жүйесі қызметкерлеріне алғыс айтты және оларға мықты денсаулық тіледі.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру