Еңбекті қорғау ережелерін бұзу фактісі Алматы қаласы нысандарының бірінде дәлелденді
Еңбекті қорғау ережелерін бұзу фактісі Алматы қаласы нысандарының бірінде дәлелденді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Оқиға осы жылдың қаңтар айының соңында болған. Райымбек даңғылында орналасқан ЖШС-нің бірінің аумағында көлік жүргізушісі басқа компанияның қызметкерін қағып кетті.
– ҚР ҚК-нің 156-бабы 2-бөлігіне сәйкес қылмыстық құқық бұзушылық белгілері бойынша жүргізілген сотқа дейінгі тергеу көрсеткендей, оқиға көлік жүргізушісінің қауіпсіздікті бұзу салдарынан болған, белгіленген бес реттің орнына жеті рет тасымалдады және шектеулі көрініске байланысты өзінің жүк көлігінің артында тұрған адамды басып кетті. Сот-медициналық сараптаманың қорытындысына сәйкес жәбірленушінің денсаулығына ауыр зиян келтірілген. Оның екі аяғы да жарақаттанған. Енді жәбірленуші жарақатына байланысты мүгедек болып қалды, – деді Алматы қалалық Полиция департаменті бастығының орынбасары Рүстем Әбдрахманов.
Спикердің айтуынша, қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу аяқталды. Сонымен қатар, ол азаматтардың өмірі мен денсаулығына тікелей байланысты болғандықтан, еңбекті қорғауды қамтамасыз ету мәселесі өзекті екенін атап өтті.