Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жол куәлігінен айырылған 28 жүргізуші тағы да мас күйінде көлік тізгіндеді

Павлодар облысында жүргізуші куәлігінен айырылған 28 жүргізуші қайта мас күйінде рульге отырып, ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жол қозғалысы ережелерін, оның ішінде мас күйінде көлік құралын басқару ережелерін өрескел бұзу фактілерін анықтау мақсатында полиция қызметкерлері тұрақты негізде рейдтік іс-шаралар жүргізеді.

– Бүгінгі таңда мас күйінде көлік жүргізгені үшін 376 жүргізуші ұсталды, олардың 28-і бұрын жүргізуші куәлігінен айырылған, бірақ соған қарамастан, олар мас күйінде көлік жүргізу үшін қайтадан отырды, – деді Павлодар облысы ПД бастығының бірінші орынбасары Жасқайрат Қайыров.

Мәселен, Аққулы ауданының патрульдік полиция қызметкерлері қызмет арқару кезінде ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы 1-бөлімі (Жүргізушінің алкогольден, есірткіден және (немесе) уытқұмарлықтан масаң күйде көлік құралын басқаруы, сол сияқты көлік құралын жүргізуді алкогольден, есірткіден және (немесе) уытқұмарлықтан масаң күйдегі адамға беруі) бойынша жеті жыл мерзімге (2019 жылы) иесі көлік құралын басқару құқығынан айырылған автокөлікті байқаған. Жүргізушінің жеке басын анықтау үшін қызметкерлер көлік құралын тоқтатуды талап етті, бірақ жүргізуші полицияның заңды талаптарын елемеді. Алысқа ұзамай көлік иесін тәртіп сақшылары ұстады.

Көлік құралының рөлінде бұрын көлік құралын басқару құқығынан айырылған 63 жастағы Павлодар қаласының тұрғыны болған, оған қоса ер адамнан алкогольдің иісі шыққан. Күдіктер расталды, медициналық куәландыру нәтижелері бойынша-жүргізуші жеңіл мас күйінде болған. Аталған факті бойынша ҚР ҚК 346-бабы 1-бөлімі (Көлік құралдарын жүргізу құқығынан айырылған және алкогольден, есірткіден және (немесе) уытқұмарлықтан масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы, сол сияқты көлік құралын басқаруды осындай адамға беру немесе осындай адамның көлік құралын басқаруға жіберілуі) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру