Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ер адам бөтеннің үйінде ұйықтап қалды

Өзгенің үйіне кіріп, ішімдік ішкен күдікті қылмыс орнында ұйықтап қалып, ұсталды, – деп хабарлайды  Polisia.kz.

Қарасай ауданы Полиция басқармасының кезекші бөліміне Жаңатұрмыс ауылының 30 жастағы тұрғынының үйіне масаң күйдегі белгісіз адамның кіріп кеткені туралы хабар түскен.

Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 149-бабының 2-тармағы бойынша тергеу басталды.
Оқиға орнына жеткен тәртіп сақшылары жеке үйдің бірінші қабатында ұйықтап жатқан ер адамды ұстап, оның 45 жастағы жергілікті тұрғын екенін анықтаған. Үй иесінің айтуынша, ол үйдің ауласында жүрген, ал оның анасы екінші қабатта үйді жинап жүрген. Үйіне кірген иесі төргі бөлмеде мас күйде ұйықтап жатқан “шақырылмаған қонақты” көрген. Ер адамның қонақ бөлмедегі үй иесінің жинап қойған алкогольдік ішімдіктерін, тәттілерін тауып алғаны және “заңсыз табысын” сол жерде ішіп-жегені белгілі болды. Ауылдасы оқиға орнында ұйықтап қалған. Полицейлер оятқанда масаң күйдегі азамат оқиғаның қалай болғанын және не үшін бұл үйге келгенін түсіндіре алмады.

Есін жинаған күдікті сот шешімі шыққанға дейін мекенжайын өзгертпеу туралы міндеттемемен босатылды.
Тұрғынжайға онда тұратын адамның еркiнен тыс кiру және ол жерде заңсыз тiнту жасау дерегі бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 149-бабының 2-тармағына сәйкес шақырылмаған қонақ сотта жауап беретін болады. Заңсыз әрекеті үшін ол айыппұл төлеуден бастап, екі жылға дейін бас бостандығынан шектелуі мүмкін.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру