Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ер адам дүкенге ұрлыққа түсіп, ақшаны қолды қылды

Түркістан облысының полицейлері күндіз дүкенге ұрлыққа түскен күдіктіні ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Сайрам АПБ-не жергілікті тұрғын арызданған. Онда күндізгі сағат 11:30 шамасында өзінің ет сататын дүкеніне белгісіз біреу ұрлыққа түсіп, 250 мың теңге ақшасын ұрлап кеткенін көрсеткен. Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша СДТБТ-ға тіркеді.

Сайрам АПБ-нің полицейлері осы ұрлық жайтын ашу мақсатында оқиға орнына тез арада келіп, қажетті шараларды жүзеге асырды. Жақын аймақтарды мұқият тексеріп шығып, көрген-білгендерден жауап алды.

Соның нәтижесінде небары бір тәулік ішінде күдікті ұсталды. Ол жәбірленушінің сырттай танысы болып шықты. Өз кінәсін толық мойындаған күдікті ақшаларды бас пайдасының қажеттілігіне жұмсап жіберген.
Тергеу барысында анықталғандай, ол ешкім жоқтығын пайдаланып, ұрлық жасаған. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті ер азаматтың бас шарасы қолхатта.

Түркістан облысының полицейлері ұрлық қылмысының алдын алу үшін сауда орындарына, ғимараттарға, үйлеріңізге бейнебақылау камералары мен дабылқаққыштар орнатуға кеңес береді. Сонымен қатар дүкенді ашық күйде қалдырмай, есік-терезелердің жабылғандығына толық көз жеткізіп алыңыздар. Ұрлық орын алған сәтте, тез арада полицияның “102” телефоны арқылы хабар беріңіздер деп ескертеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру