Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ер адам елорда колониясына психотроптық заттарды өткізбек болған

Ер адам елорда колониясына психотроптық заттарды өткізбек болған, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Нұр-Сұлтан қаласы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты ЕЦ-166/5 мекемесінің қызметкерлері сотталғандардың қолдануына тыйым салынған заттардың мекеме аумағына өткізуін алдын алды.

Мекемеге келген «сәлемдемені» тексеру барысында дәрі-дәрмектердің ішінен капсулаға салынған белгісіз бір өсімдік заты анықталды. Аталған өсімдік заты тәркіленіп, әрі қарай анықтама жұмыстарын жүргізу үшін сараптамаға жіберілді. Жүргізілген сараптаманың қорытындысы бойынша аталған өсімдік жалпы салмағы 63,757 грамды құрайтын «тетрагидроканнабинол» психотроптық заты болып шықты.

Аталған дерек бойынша тыйым салынған затты алып кірмек болған азаматтан түсініктеме алынды. Оған қатысты ҚР ҚК 297-бабының 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Нұр-Сұлтан қаласы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты ЕЦ-166/5 мекеме бастығының орынбасары А.Сыздықовтың айтуынша, аталған бағытта іс-шаралар өз жалғасын табуда. Жедел уәкілдік бөлімнің қызметкерлері тыйым салынған заттарды мекеме аумағына өткізілмеуін үнемі бақылап отырады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру