Ер адам ойыншық машина үшін қамауға алынуы мүмкін
Ойыншық машинасы үшін азаматқа 400 сағаттық қоғамдық жұмыс берілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Осы жылдың жазында сотталған пәтерден шығып, 3-қабаттың кіреберісінде баспалдақта тұрған ойыншық машинасын көрді. Ол машинаны ұрлап кеткен.
Ойыншық машина көршісінің бес жасар ұлына тиесілі болды.
Бұл азамат бұрын сотталмаған, бірақ ойыншық ұрлағаны үшін ол 400 сағаттық қоғамдық жұмысқа тартылған.
Пробация қызметіне есепке тұрып, ол сот тағайындаған қоғамдық жұмыстарды орындаудан жалтарған. Кейін пробация қызметінің қызметкерлері осы сотталғанға қатысты қоғамдық жұмыстарды қамауға алу үшін ауыстыру туралы материалдар жинап, сотқа жолдаған. Енді қоғамдық жұмысқа тартылған сотталған 100 күнге қамауға алынуы мүмкін, ол жазасын түзеу мекемесінде өтейтін болады.
Айта кету керек, жыл басынан бері пробация қызметінің есебі бойынша Шығыс Қазақстан облысы бойынша аумақтық пробация қызметтерінде 320 сотталған қоғамдық жұмысқа тартылған, оның ішінде бүгінгі күні пробация қызметінде 62 сотталған есепте тұр. Сонымен қатар, жыл басынан бері 17 сотталған қоғамдық жұмыстарды орындамай жаза өтеуден жалтарғаны үшін қамауға алынды, ал екі сотталушыға қоғамдық жұмысты бас бостандығын шектеу жазасына ауыстырылған.
– Айта кетейік, жыл басынан бері барлығы 293 сотталған адам қоғамдық жұмыстарды орындауға байланысты пробация қызметінің есебінен шығарылды. Тәжірибе көрсеткендей, қоғамдық жұмыстарға сотталған адамдардың көпшілігі өздері жасаған қылмысты түсінеді және өз кезегінде олар бір кездері қылмыс жасау арқылы зиян келтірген қоғамға өз үлестерін қосуға тырысады. Сондай – ақ, сотталғандардың 0,5%-ы қоғамдық жұмыстарды орындаудан үзілді-кесілді бас тартады, оларға пробация қызметінің қызметкерлері қоғамдық жұмысты қамауға алу үшін ауыстыру туралы сотқа ұсыныс жолдайды, – деді ШҚО бойынша ҚАЖ Департаменті бастығының орынбасары Ғалымжан Балтабаев.