Ұрланған телефондарды Қырғызстанға асырмақ болған жігіт ұсталды
Алматыда ұрланған телефондарды сатып алумен айналысқан жігіт құрылғыларды Қырғызстанға өткізбек болған кезінде ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
1994 жылы туған С. есімді Түркістан облысының тұрғыны. Қылмыстық полиция материалдарынан ер адам ұрланған мобильді құрылғыларды сатып алумен айналысқандығы көрсетілген. Кеше ол, оларды Қырғызстан Республикасындағы «серіктестеріне» жіберуге тырысқан.
«Күдіктінің қылмыстық әрекетін дәлелдеу үшін жедел шаралар кешені жүргізілді. Жігітті ұстау кезінде, 65 ұялы телефон табылып, тәркіленді.
Қазіргі уақытта телефондардың кімдікі екендігі анықталып жатыр. Біз барлық тәркіленген тауарлардың қылмыстық шығу тегін жоққа шығармаймыз. Әр ұялы телефон осыған ұқсас сипаттамамен жазылған арыздар арасында тексеріліп жатыр. Қазірдің өзінде 10-ға жуық мобильді құрылғылардың иелері анықталды. Бұған дейін олар полиция қызметкерлеріне мүліктерінің ұрлануына қатысты арыз жазған. Қазіргі уақытта ҚР Қылмыстық кодексінің 196-бабы – ұрланған заттарды сатып алу бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Күдікті қамауға алынды. Жедел бөлімшелер ұрланған заттарды сатып алушыға және олжаны одан әрі көрші елге сату үшін арна құрады, – деді Алматы қалалық Полиция департаментң басшысының орынбасары Рустам Абдрахманов.
Кеше телефонын алып кетуге бес азамат келді.
«Мен екі ай бұрын ұрлатып алдым. Үміт, әрине, аз болды. Мен сияқты ұрланған телефондары бар күніне 100 адам бар екенін түсінемін. Жақында, олар маған қоңырау шалып, телефонымды тапқандарын айтты. Шынымды айтсам, мен қатты таңқалдым, әрине, қатты қуандым. Мен полицияға алғысымды білдіргім келеді», – деді өтініш білдірушілердің бірі.
«27 ақпанда менің жасөспірім ұлымнан телефонын ұрлап кетті. Осы уақыт ішінде біз үмітімізді жоғалтқан жоқпыз. Бүгін олар оны бізге қайтарды. Өте қуаныштымын. Біз барлық қызметкерлерге алғыс айтамыз», – деп қорытындылады ұялы телефоны ұрланған баланың анасы.