Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Тергеу изоляторының қызметкерлері бір күндік жалақыларын тапсырды

Шығыс Қазақстан облысының тергеу изоляторының қызметкерлері бір күндік жалақыларын тапсырып, көмекке мұқтаж отбасыларға азық-түлік апарды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

ШҚО бойынша ҚАЖД ОВ-156/1 мекемесінің басшысы К.К.Жусуповтың бастамасымен осындай қиын қыстау кезеңде уақытша жұмыссыз қалып, қиын жағдайда қалған отбасыларға көмек көрсету бастамасын қолға алынды. Осы тарапта мекеме қызметкерлері бір күндік еңбек ақыларын жинап, материалдық жағдайлары аз қамтылған отбасыларға көмектесу шарасын өткізді.

Төтенше жағдайдың енгізілуіне байланысты қазіргі уақытта жұмыссыз қалған, мектеп жасындағы балаларды тәрбиелеп отырған жалғыз басты анааларға және уақытша жұмыссыз қалған, кәмелеттік жасқа толмаған балалары бар жанұялардың отбасыларына мекеме ұжымы атынан азық-түліктер тапсырылды.

“Қазіргі төтенше жағдай кезінде қашықтықтан оқып жатқан балаларына оқу құралдары табысталып, және тұрмыста керекті заттарды алуға ақшалай көмек көрсетілді. Еліміздің басына түскен қиын қыстау кезеңде бірлігімізді көрсетіп, бір-бірімізге көмек қолын созу ол әр азаматтың міндеті деп білеміз”, – деді мекеме басшысының орынбасары Ермек Айтмукашев.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру