Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жоғалған ер адам табылды

Қызметтік ит ұландықтарға жоғалған ер адамды табуға көмектесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ер азамат сәуірдің 16-нан 17не қараған түні үйінен шығып, қайтып оралмаған.

Ұлттық ұланның әскери жасағы патрульдеу бағытында жүргенде жедел басқару орталығы кезекшісінен 1949 жылғы азаматтың үйден белгісіз жаққа қарай шығып, қайта келмегені туралы ақпарат алады.

Жасақ басшысы Жандос Қарабай және патрульшілер Мақсұт Бейсенбин мен Рамис Шамшутдинов кинолог маман Кирилл Токтамыспен бірге ер азаматты іздей бастайды. Сенімді “Риктің” көмегіне жүгінген жауынгерлер қызметтік итке жоғалған адамның жеке киімдерін иіскетіп, іздеу шараларын үдетеді.

Араға 40 минут салып әскери жасақ жоғалған адамды тауып, автопатруль қызметіне тапсырды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру