Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ер адам ыдыс-аяқ жиынтығын ұрлап кетті

Түркістан облысының полицейлері ыдыс-аяқ ұрлаған күдіктіні ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Келес аудандық полиция бөлімшесіне жергілікті тұрғын арызданады. Ер адамның айтуынша,
таңғы уақытта белгісіз біреу тұрғын-үйіне заңсыз кіріп, қонақ бөлмедегі шифонердің ішінен әрқайсысының құны 200 теңге тұратын 60 дана шыны кеселерін, одан бөлек ыдыс-аяқ жиынтығын жасырын жымқырып кеткен.

Жәбірленушіге келтірілген шығынның жалпы көлемі 15 000 теңгеден асты.
Аталған жайт сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы (ұрлық) бойынша тіркелді.

Оқиға орнына Келес аудандық полиция бөлімшесінің қызметкерлері шұғыл жетіп, ұрыны ұстауға
қажетті барлық іс-шараны атқарды. Көрген-білгендерден сұрастырып, мұқият тексеру жұмыстарын жүргізді. Күдікті жедел-іздестіру жұмыстары кезінде анықталды. Ол бұрын бірнеше рет сотты болған жергілікті тұрғын болып шықты. Күдікті өзінің бұрын жасаған қылмыстарынан оң нәтиже шығармай, қылмысты қайталаған.

Тергеу барысында анықталғандай, күдікті жәбірленушінің көшесінен өтіп бара жатып, үйде ешкім жоқтығын байқап қалады. Тұрғын-үйдің қақпасының дұрыс құлыптанбағанын көріп, аулаға заңсыз кіріп, жәбірленушінің ыдыстарын ұрлап кеткен. Күдікті өз кінәсін толық мойындады.

Күдіктіге Келес аудандық сотымен “күзетпен ұстау” шарасы қолданылды. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру