Ерейментау тұрғыны көлік ұрлығын жедел ашқан полицейлерге алғыс айтты
Ерейментау тұрғыны көлік ұрлығын жедел ашқан полицейлерге алғыс айтты, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Ерейментау ауданы полиция бөліміне 29 жастағы қала тұрғынынан 9 қазанда сағат 15:00-ден 19:45-ке дейінгі уақытта белгісіз тұлға оның Ваз 2106 маркалы автокөлігін айдап әкеткендігі туралы өтініші келіп түсті. Шығын сомасы 800 мың теңгені құрады.
Жәбірленуші көлікті өзі жұмыс істейтін қонақ үйдің жанында қалдырған. Ол тек кешке көлігінің жоғалып кеткенін байқап, полицияға хабарласқан.
10 қазанда жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Ерейментау ауданының криминалдық полиция қызметкерлері күдіктінің жеке басын анықтап, көлікті иесіне қайтарды.
Тәртіп сақшылары пәтерлерді аралап, оқиға орнына жақын орналасқан дүкеннің бейнебақылау камераларының жазбаларын зерттеді. Ұры бұған дейін ұрлық үшін сотталған 34 жастағы жергілікті тұрғын болып шықты. Жол жиегінде кілттері бар көлікті көріп, ол басқа біреудің көлігін ұрлап кеткен. Полиция көлікті күдіктінің үйінің ауласынан тапты. Аталған факті бойынша ҚР ҚК 200-бабының 1-бөлігі (Автомобильді заңсыз иелену) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.
Өз кезегінде Instagram әлеуметтік желісіндегі ведомостволық парақшасына Ерейментау қаласының тұрғыны полицейлерге жедел әрекет еткені және ұрлықты «ізін суытпай» ашқаны үшін алғыс айтты.