Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағандыда қару мен оқ-дәрілерді заңсыз сақтаған ер адам ұсталды

Қарағандыда қару мен оқ-дәрілерді заңсыз сақтаған ер адам ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

11 қазанда Қарағандыда кешенді жедел-профилактикалық іс-шара барысында Қарағанды облысы ПД Экстремизмге қарсы күрес басқармасының қызметкерлері 26 жастағы ер адам басқарған автокөлікті тоқтатты. Көлікті тексеру кезінде полицейлер газ тапаншасын тауып, тәркіледі.

Жүргізуші мекенжайлардың бірінде травматикалық тапанша мен екі аңшы пышағын жасырғанын мойындады. Сондай-ақ ұсталған адамның туысы тұратын жеке үйде тәртіп сақшылары тіркелмеген винчестерді және 20 патронды тәркіледі.

Бұл факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 287-бабы (Қаруды, оқ -дәрілерді, жарылғыш заттар мен жарылғыш құрылғыларды заңсыз алу, беру, сату, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта тергеу жүріп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру