Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Эротикалық массажды бағалайтындар жазаланды

Карантин кезінде төрт жігіттің эротикалық массаж салонына барғаны әшкере болды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

«Салонның бірі қаланың Медеу ауданында орналасқан. Екіншісі – Бостандықта. Тексеру кезінде ол жерде жеті бойжеткеннің қызмет көрсеткені белгілі болды. Ішінде салон әкімшілері де бар. Әкімшілік іс жүргізу үшін 11 адам аудандық полиция басқармасына жеткізілді. Олардың әрекеті ҚР ӘҚбК-нің 476-бабы – төтенше жағдай режимін бұзу болып танылды», – деді Алматы қалалық полиция Департаменті бастығының бірінші орынбасары Нұрлан Алмасбеков.

Тәжірибе көрсеткендей, әлі күнге дейін көп адам вирустан қандай қауіп төніп тұрғанын біле бермейді.

«Мұндай фактілер, өкінішке қарай, бір-екеу емес. Олардың қызметі, әрине, тоқтатылады, кінәлілер жазаланады. Бұл бағытта жедел бөлімшелер құрамынан арнайы мобильді топтар жұмыс істейді», – дейді Алмасбеков.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру