Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Уақытша табыссыз қалған отбасына көмек көрсетілді

Қарағанды қаласының Полиция басқармасы тергеу бөлімінің қызметкерлері мұқтаж отбасыларға көмек көрсетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Әлеуметтік желіде елімізде жарияланған төтенше жағдайға байланысты табысынан айырылған отбасының көмек сұрап жазған хаты жарияланған еді.

Отбасының қиын жағдайда қалғанын көрген Қарағанды қаласының полиция басқармасы тергеу бөлімінің қызметкерлері жәрдем беруге шешім қабылдады.

Қарағанды қаласының ПБ тергеу бөлімінің тергеушісі Алмас Ғалымұлы Мұсағали және Қарағанды қаласының ПБ тергеу бөлімінің тергеушісінің міндетін атқарушы Рустам Назирович Григорьев азық-түлік жеткізіп, жағдайды біліп қайтты.

Қарағанды қаласының ПБ ТБ тергеушісі А.Ғ.Мұсағали: “Біз полиция қызметкерлері халыққа қалтықсыз қызмет көрсетуге ант берген болатынбыз, әлеуметтік желідегі отбасының жағдайын көріп біздің ұжым бір ауыздан көмек көрсетуді шештік”-деп өз ойымен бөлісті.“Біз талай қиындықты бастан өткердік, бұл қиындықтанда шығар күн алыс емес, біздің жан айқайымзға құлақ түріп уақытында келіп жеткен тәртіп сақшыларына айтар алғысымыз шексіз”, – деп үй иесі өз тілеген әлеуметтік желілерде білдіруге асықты.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру