Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қалааралық жолға жолаушы алып шыққандар жауапқа тартылды

Алматыда жолаушыларды басқа аймаққа жеткізумен заңсыз айналысқан бірнеше жүргізушінің жолы кесілді, – деп хабарлайды Polisia.kz. 

Полиция Департаментінің Жедел тобы Алматы қаласынан еліміздің оңтүстік облыстарына жолаушы алып шыққан жүргізушілерді ұстау үшін арнайы операция өткізді.

Сөйтіп полицияның жедел-іздестіру шаралары кезінде 10-нан астам такси жүргізушісі ұсталды. Қызметтері үшін олар жолаушыдан әрқайсысы 10 мыңнан 20 мыңға дейін ақша алған.

Олар төтенше жағдай режимін бұзғаны үшін жауапқа тартылды.

Дәл осындай құқық бұзушылық, белгіленген шектеулерге қарамастан, карантин аймағынан шыққысы келген жолаушыларға да қатысты. Олардың іс-әрекеттері ҚР ӘҚбК-нің 476-бабына сәйкес қарастырылады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру