Ертіс полицейлері балаларға экскурсия ұйымдастырды
Ертіс полицейлері балаларға экскурсия ұйымдастырды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қазақстан полициясының 30 жылдығы қарсаңында Ертіс ауданының тәртіп сақшылары «Домисоль» жазғы бейіндік лагерінің балаларына полиция бөліміне экскурсия ұйымдастырды.
Экскурсия акт залынан басталды, онда Павлодар облысы Ертіс аудандық полиция бөлімі бастығының кадр саясаты жөніндегі орынбасары Әмір Сәдуақасов Ғазиз Байтасовтың жасаған ерлігі туралы айтып берді.
Содан кейін полицейлер балаларға қоғамдық тәртіпті сақтау бойынша қызмет атқару кезеңінде полиция қызметкерлері қолданатын арнайы құралдарды көрсетті. Ұлдар мен қыздар қолдарында соққыға қарсы қалқандар мен резеңке таяқтарды ұстап, киім киіп көрді. Сондай-ақ, Ричи қызметтік итімен танысу болды.
Балалар өздерін тәртіп сақшылары сияқты сезініп, полиция қызметкері өте шыдамды адам болуы керек деген қорытындыға келді.
Осыдан кейін полицейлер балаларға қызметтік көліктерін көрсетті. Әмір Ғосманұлы балаларға жай көліктердің қызметтік көліктерден қалай ерекшеленетіні туралы айтып берді. Сондай-ақ, экскурсияға келген балалар полиция автокөлігінің рулінде отыруға мүмкіндік алды.