Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Есепте тұрған сотталғандарға көмек көрсетілді

Алматыда пробация қызметкерлері есепте тұрған сотталғандарға көмек көрсетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Алатау аудандық пробация қызметі коронавируске қарсы күресті күшейту, тұрғындарға көмектесу мақсатында жарияланған акция кезінде аудан әкімдігі аппаратының пробация қызметінің есебінде тұрған мұқтаж адамдарға азық-түлікпен көмек көрсетіп жатыр.

Алатау ауданы әкімі аппаратының қолдауымен аудандық пробация қызметінің есебінде тұрған 18 сотталған адамның отбасына азық-түлік таратылды.

Атап айтқанда, олардың арасында көп балалы аналар мен қарт кісілер, мүгедектер және төтенше жағдайдың жариялануына байланысты жұмыстан шығып қалған сотталғандар бар. Жалдамалы пәтерде тұратын төрт баланың әкесі карантинге байланысты жұмыстан шығып қалып, акция аясында алған қайырымдылық іс-әрекетіне алғысын айтты. Сондай-ақ, пробация қызметкерлері есепте тұрған азаматтарды карантин талаптарын сақтауға, үйде отыруға шақырды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру