Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Есептегі сотталғандарды жұмыспен қамту бойынша жиын өтті

Пробация үйінде қалалық пробация қызметі бастығының орынбасары Қараман Ағаниннің төралығымен “Пробация есебіндегі сотталғандарды жұмыспен қамту бойынша жұмыстарды бірлесіп ұйымдастыру” тақырыбында жиын өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жиынға “Қылмыстық жазасын өтеген адамдарды әлеуметтік бейімдеу оңалту орталығы” КММ бастығының орынбасары О.Әділ, “Қалалық жұмыспен қамту әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі” мекемесі басшысының орынбасары А.Қиясова және қалалық пробация қызметінің инспекторлары қатысты. Күн тәртібіне сай, жиынға қатысушылардың баяндамалары тыңдалды.

Жиын барысында “Қылмыстық жазасын өтеген адамдарды әлеуметтік бейімдеу оңалту орталығы” бастығының орынбасары О.Әділ, пробация есебіндегі адамдарды “Жол картасы-2020″ бағдарламасы негізінде жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеп жүрген есептегі адамдар үшін, тек жеке куәліктің көшірмесі арқылы жұмысқа орналысу мүмкіндігі қарастырылғанын айтып өтті. Пробация қызметінің инспекторы Үрзада Жұмаділла пробация есебіндегі адамдарға жаңа мамандық игеру үшін оқу курстары қашан басталатынын сұрады. Бұл сұраққа Қалалық жұмыспен қамту әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі басшысының орынбасары А.Қиясова  қазіргі уақытта оқу курстарын бастау туралы нұсқау келіп түспенгендігін, егер оқу курсы басталып жатса, хабардар ететінін айтты. Сонымен қоса,  пробация есебінде тұратын кәмелет жасқа толмаған сотталғандарды “Жасыл ел” жастар еңбек жасағына жұмысқа орналастыру мәселесі де қаралды.

Жиынды қорыта келе, пробация қызметінің есебінде тұрған тұлғаларды әлеуметтік оңалтудың тиімді жүйесін қалыптастырып қайта қылмыс жасауының алдын –алуға бағытталған бірлескен шаралар қабылдап, іске асыратындықтарын жеткізді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру