Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Есірткі бизнесіне қарсы күрес бойынша халықаралық ынтымақтастық мәселесі талқыланды

Алматыда есірткі бизнесіне қарсы күрес бойынша халықаралық ынтымақтастық мәселесі талқыланды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы қаласындағы Орталық Азия есірткі құралдарының заңсыз айналымына қарсы күрес жөніндегі өңірлік ақпараттық үйлестіру орталығында (ОАӨАҮО) есірткінің зайсыз айналымымен күрес, соның ішінде бақылаудағы жеткізілімдерді қадағалау бойынша халықаралық бірлескен операциялар өткізу мәселесі талқыланды.

Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев және аталған орталықтың жетекшісі Рустам Мирализода қатысушымемлекеттер арасындағы іс жүзіндегі ынтымақтастық және есірткінің заңсыз айналымымен күрес саласында ақпарат алмасу жолдары жөнінде пікірлесті.

Кездесу барысында есірткіге қарсы күрес бөлімшелері қызметкерлерін оқыту, сондайақ ұлттық заңнамаларды үйлестіру және жедел мәліметтер базасын біріктіру мәселесі де қаралды.

– Қазақстан ОАӨАҮО қызметіне аса маңызды мән береді. Біз ОАӨАҮОның аймақтық есірткіге қарсы құрылым ретіндегі тиімділігіне нық сенімдіміз. Сондықтан Қазақстан ОАӨАҮО үшін қабылдаушы Тарап және донорлық міндеттерді мойнына алып отыр, деп атап өтті Ішкі істер министрі.

Ерлан Тұрғымбаев Қазақстан ІІМ ОАӨАҮОның орталықтандырылған деректер банкінің белсенді пайдаланушысы болып табылатынын, сондайақ оған қажетті мәліметтерді тұрақты негізде берілетіні туралы атап өтті.Бұл есірткінің заңсыз айналымына қатысы бар адамдар туралы ақпаратты жедел режимде алуға және оларды ұстау бойынша бірлескен операциялар жүргізуге мүмкіндік береді.

Кездесу қорытындысы бойынша есірткіге қарсы тректе сындарлы және салмақты халықаралық ынтымақтастықты одан әрі жалғастыру туралы уағдаластықтарға қол жеткізілді.

Анықтама: Астанада 2006 жылғы 24 шілдеде қол қойылған Есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен олардың прекурсорларының заңсыз айналымына қарсы күрес жөніндегі Орталық Азия өңірлік ақпараттық үйлестіру орталығын құру туралы келісім 2008 жылғы 6 қарашадағы № 78-IV ҚР Заңымен ратификацияланған.

ОАӨАҮО құрамына жеті мемлекет кіреді – Әзірбайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстан. Бақылаушылар мәртебесі 16 мемлекетке берілдіАвстрия, Ауғанстан, Беларусь, Ұлыбритания, Германия, Италия, Канада, Қытай, Моңғолия, Пәкістан, Румыния, АҚШ, Түркия, Украина, Финляндия, Франция.

Халықаралық бақылаушы ұйымдар – Интерпол және ОңтүстікШығыс Еуропалық құқық қорғау орталығы (SELEC).

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру