Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Есірткі сақтаған сарыағаштық тұрғын ұсталды

Түркістан облысының полицейлері заңсыз есірткі сақтаған күдіктіні ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Сарыағаш АПБ-не жергілікті тұрғындардың бірі құрамында есірткі бар өсімдіктерді заңсыз сақтап жүргені туралы хабарлама келіп түсті. Сарыағаш аудандық ПБ-нің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шарасы аясында аудан тұрғынының үйіне барып, оны тінту барысында үстіндегі киімінің жеңінен сіріңкенің қорабына салынған есірткіні тапты. Анықталған өсімдік тәркіленіп алынып, сараптама тағайындалды. Аталған жайтты полицейлер ҚР ҚК-нің 296-бабы (Есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау) бойынша тіркеді.
Сараптама қортындысына сәйкес табылған зат “кептірілген марихуана” болып шықты. Салмағы үш граммға жуық. Қазіргі таңда күдіктінің басқа қылмыстарға қатысы бар-жоқтығы тексерілуде. Бас шарасы қолхатпен босатылды.

Түркістан облысының полицейлері есірткі заттарының заңсыз айналымы үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын еске салады. Егер сізде есірткіні заңсыз сақтау және өткізу жайттары туралы қандай да бір ақпарат болса, дереу полицияға хабарласыңыз.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру