Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Есірткі сақтап әрі тасымалдаған Көкшетау тұрғыны 12 жылға сотталды

Есірткі сақтап әрі тасымалдаған Көкшетау тұрғыны 12 жылға сотталды, – деп хабарлайды Polisia.kz

18 қазанда Ақмола облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты гашишті аса ірі мөлшерде өткізу мақсатында заңсыз сатып алғаны, сақтағаны және тасымалдағаны үшін облыс орталығының 48 жастағы тұрғынына қатысты үкім шығарды.

Ақмола облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Көкшетау қаласының тұрғыны есірткі заттарын қолданатыны, сондай-ақ оларды тұрғылықты жері бойынша жеткізумен және өткізумен айналысатыны туралы ақпарат алды. Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында ақпарат расталып, ұстау жүзеге асырылды.

2022 жылғы 22 ақпанда есірткімен күрес полицейлері күдіктіні қолға түсірді. Нәтижесінде 1,5 келіге жуық гашиш, сондай-ақ бөлшек сауданы жүзеге асыруға арналған құрылғылар тәркіленді. Сот отырысы барысында ер адам кінәсін мойындады.

Сот үкімімен 48 жастағы сотталушы ҚР ҚК-нің 297-бабы 3-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, аса қауіпті қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде жазасын өтей отырып, 12 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылды. Сондай-ақ мерзімін өтеу орны бойынша мәжбүрлеп емдеуді тағайындады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру