Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Талдықорғанда әйел мылтықпен ұсталды

Талдықорғанда әйел мылтықпен ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz

Атыс қаруымен қаруланған әйелді полиция қызметкерлері Қаратал өзенінің жағасында ұстады. Ол азық-түлік салынған полиэтилен пакетке салынған қысқа ұңғылы аңшы мылтығын алып жүрген.

– Мылтық патрондарсыз және тот басқан болып шықты. Ұсталған азаматша өз айғақтарында оны жағадан тауып алғанын және металл сынықтарға тапсыруды жоспарлағанын түсіндірді. Қазір қарудың атысқа жарамдылығын анықтау үшін қару сараптамаға жіберілді. Аталған дерек бойынша тергеу амалдары басталды, – деді Талдықорған ҚПБ.

Жетісу облысының аумағында “Құқықтық тәртіп” жедел алдын алу іс-шарасы жалғасып жатыр. Екі күн ішінде заңсыз айналымнан сегіз бірлік атыс қаруы, оның ішінде бір Макаров тапаншасы, сонымен қатар сегіз патрон тәркіленді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру