Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмола облысында бірнеше көліктің қатысуымен ЖКО болды

Ақмола облысында бірнеше көліктің қатысуымен ЖКО болды. Адам шығыны бар, – деп хабарлайды Polisia.kz

11 қарашада сағат 09:11-де Шортанды ауданы полиция бөлімінің кезекші бөліміне Астана қаласының тұрғынынан Бозайғыр ауылының маңындағы Астана – Петропавл автожолында бірнеше автокөліктің қатысуымен ЖКО болғандығы туралы телефон хабарламасы келіп түсті.

Астана – Петропавл автожолының 450-шақырымында Toyota RAV4 көлігінің жүргізушісі Щучинск қаласының 57 жастағы тұрғыны Астана қаласы бағытында жолдың орта жолағымен жүріп келе жатып, Солтүстік Қазақстан облысы Новоишимское ауылының 44 жастағы тұрғынының басқаруындағы Lada Largus автокөлікті басып озу маневрін жасаған кезде көктайғақ жағдайында рөлге ие бола алмай, жолдың оң жақ шеткі жолағымен ілеспе бағытта келе жатқан Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының 60 жастағы тұрғынның басқаруындағы Volvo көлікпен соқтығысқаны анықталды.

Осыдан кейін артта келе жатқан Lada Largus көлігі Toyota RAV4 көлігімен соқтығысқан. ЖКО салдарынан Toyota RAV4 автокөлігінің 57 жастағы жолаушысы алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды.

Toyota RAV4 автокөлігінің жолаушысы 5 жасар қыз бала Астана қаласындағы ауруханаға жатқызылды. Диагнозы анықталуда. Автокөліктер мамандандырылған тұраққа қойылды.

Осы фактіге сәйкес ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлігі бойынша (Абайсызда адам өліміне әкеп соққан көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы) сотқа дейінгі іс жүргізу басталды. Сараптама тағайындалды

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру