Қарағанды облысында гаражға ұрлыққа түскендер анықталды
Қарағанды облысында гаражға ұрлыққа түскендер анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қарағанды қалалық Полиция басқармасына қарасты Октябрь полиция бөлімінің кезекші бөліміне 31 жастағы қала тұрғынынан арыз түсті. Белгілі болғандай жәбірленуші он күн бойы үйінде болмаған. Үйіне келгенде оған тиесілі гараждың есігі ашық, белгісіз біреу оның ішінен 12 дана көлік дөңгелегін, 4 титан дискі және шана ұрлап кеткен. Жәбірленушіге келтірілген шығын көлемі 315 мың теңгені құраған.
Криминалдық полиция қызметкерлерімен қылмысты ашу бойынша жүргізілген кешенді іс-шаралар барысында осы іске қатысы бар деген күдікпен 32 жастағы азамат ұсталды. Ол ұрланған заттарды өзге біреуге сатып жібергені туралы мойындау көрсетпе белгілерін берді. Полиция қызметкерлерімен айғақ зат тәркіленді.
Осыған ұқсас жағдай Теміртау қаласында да тіркелді. Ескіқалалық полиция бөліміне 57 жастағы азамат шағымданып, белгісіз біреу гаражынан тоқ генераторын, жылытқыш пушка, отара және тоқ дрельін ұрлап кеткенін айтқан. Келтірілген шығын көлемі 350 мың теңгені құраған.
Криминалдық полиция қызметкерлерімен жүргізілген жедел іздестіру іс-шаралары барысында осы іске қатысы бар деген күдікпен 35 жастағы азамат ұсталды. Ол гараждың маңынан өтіп бара жатып, есігі ашық болғандықтан қолына іліккен заттарды алып кеткені туралы мойындау көрсетпе белгілерін берді.
Екі дерек бойынша Қазақстан Рсепубликасы Қылмыстық кодексінің 188 бабы (Ұрлық) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізілуде.