Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Есірткі сатқаны үшін Түлкібас ауданының тұрғыны ұсталды

Түркістан облысында полиция есірткі сатумен айналысқан күдіктінің жолын кесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Өзінің танысы ауданда марихуана өткізіп жүргенін айтқан жергілікті тұрғын Түлкібас аудандық полиция бөлімшесінің кезекші бөліміне арыз түсірген.

Жедел іздестіру шарасы кезінде полиция бөлімшесінің жедел уәкілдері күдіктіні көп ұзатпай қолға түсірді. Түлкібас ауданының тұрғыны бұрын да ауыр қылмысы үшін бірнеше рет сотталған болып шықты.

Сот-криминалистикалық сараптама жүргізген мамандар тәркіленген есірткінің 80 грамм кептірілген марихуана екенін анықтады.

Полиция бұл деректі ҚР ҚК-нің 297-бабы (Есірткі заттарды, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, өңдеу, сатып алу, сақтау, тасымалдау, жөнелту немесе сату) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіміне тіркеді.

Полицейлер сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастап, күдіктіні қамауға алды. Қазір ұсталған азаматтың осыған ұқсас басқа қандай қылмыстарға қатысы барын анықтап жатыр.

Түркістан облысының полиция қызметкерлері ескертеді: есірткі заттарын сақтап, өткізген және таратумен айналысқан адам әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Сондықтан есірткі қолданбай, спортпен айналысып, салауатты өмір салтын ұстанған жөн.
Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру