Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Есірткіні заңсыз жинаумен айналысқан үш ер адам сотталды

Жамбыл облысы Меркі аудандық сотының шешімімен аса ірі мөлшерде есірткі заттарын заңсыз жинаумен айналысқан үш ер адам үш жылға бас бостандығынан айырылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Естеріңізге сала кетейік, осы жылдың күзінде Көліктегі полиция департаментінің қызметкерлері жоғарыда аталған азаматтарды Жамбыл облысы Қарасу ауылының теміржол өткелінде ұстаған болатын.

Тексеру кезінде қаскүнемдердің автокөлігінде жалпы салмағы 12,7 келі кептірілмеген марихуана есірткі заты тәркіленді.

Жыл басынан бері еліміздің көлік полицейлері есірткі құралдарының заңсыз айналымына байланысты 317 есірткі құқық бұзушылығын анықтаған. Оның ішінде 32 өткізу фактісі, 25-і аса ірі мөлшерде сақтау дерегі болды. Заңсыз айналымнан 169 келіден астам түрлі есірткі құралдары тәркіленді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру