Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Фирмалармен келісім-шартқа отырған жалған бизнесмен ұсталды

Фирмалармен келісім-шартқа отырған жалған бизнесмен ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Өткен жылдың 12 қарашасында Қарағанды қаласының Михайлов полиция бөліміне бір ЖШС басшылығы жүгінген. Фирма белгілі бір сауда ұйымымен келісім-шартқа отырған болып шықты. Соңғысы тауардың үлкен партиясын жеткізуге міндеттеме алған. ЖШС шарт бойынша жеткізушінің есепшотына алдын-ала төлем ретінде 20 млн теңге аударған. Төлем алғаннан кейін «серіктес» байланысын тоқтатқан.

Полицейлер ЖШС мәселелердің туындауына кінәліні, айтарлықтай шығынға ұшыратқан, өзін сауда ұйымының директоры ретінде таныстырған 59 жастағы Қарағанды қаласының тұрғынын анықтады.

Сонымен қатар, 9 желтоқсанда полицейлерге алаяқтың әрекетінің құрбаны болған 64 жастағы кәсіпкерден арыз түсті. Жәбірленуші алаяқпен 20 миллион теңге алдын-ала төлем жасай отырып, 40 тонна сары май жеткізуге келісім-шартқа отырған. Соңында ешнәрсесіз қалды.

Қасқой жосықсыз айла-шарғы жасауды жалғастыра берген. Осы жылдың ақпан айында өнеркәсіптік кәсіпорындардың біріне металл құбырлар жеткіземіз деген желеумен 7 миллион теңгені жымқырған.

Барлық фактілер бойынша полицияда ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша қылмыстық іс қозғалды.

10 маусымда жедел-іздестіру іс-шараларының барысында криминалдық полиция қызметкерлері кінәсін мойындаған күдіктіні ұстады. Қаскүнем уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру